Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

МАЛ БАЗАРЫ СЫРТҚА КӨШІРІЛУ КЕРЕК


Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен қала әкімдігінде аппарат мәжілісі өтті.
Қалалық ветеринария бөлімінің басшысы Шыңғыс Жұмаділлаев баяндама жасады. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру бойынша Қызылорда қаласында аса қауіпті құтырма табиғи ошақтық ауруының алдын алу шараларының 2014-2018 жылдарға арналған кешенді жоспары жасалған. Осыған сәйкес, жоспарлы түрде ветеринариялық іс-шаралар атқарылуда. Қалалық ветеринария бөліміне қарасты «Қалалық ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жанынан жасақталған 2 бригада қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап жоятын жұмыс жасайды. Қаңғыбас ит, мысықтарды аулау және жою бағытында жұмыс жасайды.
Үстіміздегі жылы иесіз иттер мен мысықтарды жоюға бюджеттен 25 млн. теңге бөлінген. Қала әкімі жауапты мекеме басшыларына тамыздың 20-сына дейін бұл бағытта нақты жұмыстар жүргізуді міндеттеді.
Сонымен қатар қалада КБИ мөлтек ауданындағы мал базары қала сыртына көшірілуі керек. Бұл мәселенің айтылып келе жатқанына екі жыл болды. Алайда, күні бүгінге дейін нәтиже жоқ. Базарға барсаң, жүру мүмкін емес. Айналасындағы халықтан оны басқа жаққа көшіру туралы өтініш жиі түседі. Бұрын ол жер айдала болса, қазір онда үйлер толықты. Сондықтан мал базарының қала сыртына көшірілуі күн тәртібіндегі мәселеге айналды, – деді қала әкімі.
Мәжіліс барысында қаралған мәселелерге байланысты ұсыныс-пікірлер айтылды. Күн тәртібінде таразыланған мәселелер алдағы уақытта да басты назарда ұсталады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: