2017 жылдың басында Қызылорда облысының туристік саласын ілгерілету және «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру мақсатында «Ақпараттық ресурстық орталық» ашылды.Аталған Орталықпен 30 іс-шара өткізілді, әлеуметтік желіде ресурстық орталықтың арнайы парақшалары ашылып, онда «ЭКСПО-2017» аясында өткізілген іс-шаралар туралы ақпараттар жарияланды.
Арнайы ЭКСПО кезеңі үшін аймақтың туристік әлеуеті туралы жарнамалық бейнероликтер дайындалып (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде), Астана мен Алматы қалаларының халықаралық әуежайларында көрсетілді, «Аir-Астана» авиакомпаниясының халықаралық рейстерінің бортында «Байқоңыр» ғарыш айлағы мен «Қорқыт Ата» мемориалдық кешені туралы мақалалар жарияланды.
«ЭКСПО-2017» көрмесі шеңберінде Қармақшы ауданындағы «Қорқыт ата» мемориалдық кешенінде «Этно-ауыл» жобасы ұйымдастырылды, оның аумағында ұлттық киіз үйлер, қолөнер шеберлерінің көрмесі және ұлттық ойындар ұйымдастырылды.
Этноауыл ашылғаннан бері 13000 турис пен қонақ келді, олардың ішінде Франция, Литва, Швейцария, Венгрия, Гамбия, Мексика, Кения, Гондурас, Бельгия, Мадагаскар, Финляндия, Гренада, Соломон аралдары, Израиль, Ватикан, Монако, Украина, Армения, Әзербайжан, АҚШ, Словения, Антигуа және Барбуда, Испания, Ұлыбритания, Германия, Голландия, Жапония, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Польша, Түркия, Иран, Румыния, Чехия елдерінен келген шетелдік туристер болды.
Жалпы «ЭКСПО-2017» көрмесі шеңберінде облыстан 75000 адам барады деп жоспарланған, нақты 99 мыңнан астам адам барды.
Жол бойы сервистік нысандарын дамыту мақсатында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автокөлік дәлізі бойында жол бойы кешендері құрылысын салу үшін 41 жер аумағы белгіленіп, оның 20-сы пайдалануға берілді, 675 тұрақты жұмыс орны құрылды. Қалған 21 нысанды 2018-2019 жылдары пайдалануға беру жоспарлануда.