Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА 531 ТҮЛЕК ҰБТ ТАПСЫРАДЫ

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА 531 ТҮЛЕК ҰБТ ТАПСЫРАДЫ

 

Бүгін Жаңақорған ауданындағы №110 мектеп лицейінде бітіруші талапкерлер бірыңғай ұлттық тестілеу тапсырды.  
Білім бәсекесінің ашылу салтанатына арнайы қатысқан аудан әкімі Руслан Рүстемов бітіруші түлектерді құттықтды. Аудан басшысы бірыңғай ұлттық тестілеу жас түлектердің жоғары оқу орындарына түсуіне мол мүмкіндік туғызады. Мемлекетімізге жоғары білімді мамандар қажет екендігін атап өтіп, түлектерге ақ жол тіледі
Айта кетейік, биылғы сынама тестке аудандағы бітіруші түлектердің 58 пайызы қатысуда. Яғни аудан бойынша 914 бала мектеп бітірсе, соның 531- і сыннан өтуде. 
Оның ішінде 41 бітіруші «Алтын белгі» белгісіне, 9 талапкер жалпы орта білім туралы үздік аттестат алуға үміткер.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: