Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Қызылорда облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы облыстық комиссия отырысы өтті.


Облыстық полиция департаментінің бастығы Махсудхан Аблазимов, облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бастығы Бейжігіт Оспанбеков террористік әрекеттерге қорғанысы осал объектілердің қауіпсіздігін жетілдіру шараларын баяндап, жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстарын айтты.
Облыстық дін істері басқармасының басшысы Дінмұхамед Ермеков қазіргі ахуалға сәйкес Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктерінің діни экстремизм және терроризмге қарсы атқарған жұмыстары туралы баяндама жасады.
Жиында көтерілген мәселелер бойынша облыс әкімі жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма берді. Облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы аудандардағы сумен қамтамасыз ету объектілерін күзетуге қажетті шығындарды есептеп, тиісті ұсыныс беруі керек. Ал, дін істері басқармасына ақпараттық-насихат іс-шараларын күшейту тапсырылды. Мұнан бөлек, облыстық білім басқармасына оқушыларды жат діни ағымдардан сақтандыруға қатысты міндет жүктелді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: