Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Шіркейліде кәсіпкерлік өрістей түсті

Сырдария ауданы Шіркейлі ауылында кәсіпкерлік өрісі кеңейіп келеді. Ауыл әкімі Т.Құламқадыровтің айтуынша, мемлекеттік бағдарламалар халықтың қолтығынан демеп тұр.
– Қазір ауылда 97 кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, оның 85-і тұрақты жұмыс істейді. Елдің тұрмысын жақсартып, қолын аузына жеткізуді мақсат еткен мемлекеттік бағдарламалардың да орындалу қарқыны жоғары. Ауылдық жер болған соң көпшілігі мал шаруашылығына бейім. Ауылда тігін тігу, ағаш отырғызу, құрылыс заттары, визажист, шаштараз, кондитер цехы, құс шаруашылығы тәрізді жобалар да қолдау тапты, – дейді ауыл әкімі.
Сондай-ақ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы төрт кәсіпкер мал басын көбейту мақсатында 10 млн теңге несие алды. «Қызылорда өңірлік инвестициялар орталығы» арқылы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында үш жоба ұсынылып, 7,5 млн теңге қаржы алынды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: