Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген науқастар саны - 6302. Соңғы тәулікте 35 жағдай тіркелді.
Оның 27-сі симптомды, 8-ы симптомсыз. Вирус анықталған 16 науқас инфекциялық стационарда, 19-ы үй жағдайында бақылауға алынды. Ал індеттен айыққан науқастар саны 5698-ге жетті.
Сондай-ақ, коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болғаны - 23020, тікелей қарым-қатынас-20272, ықтимал қарым-қатынас-2 748.
Өткен тәулікте зертханаларға тапсырылған сынамалар саны – 1400, тексерілгені – 816, жұмыс жасалуда – 584. Қалдық тест саны – 16068. Эпид. маусым басталғалы бері 335340 сынама алынды.