Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Себепсізден себепсіз оқ атты

Себепсізден себепсіз оқ аттыСотталушы С. үстіміздегі жылдың қыркүйек айында қоғамға жат қылыққа бой алдырған. Ол өзінің танысы арқылы автокөлігімен Қызылорда қаласындағы бес қабатты үйдің алдына келіп тоқтаған.
Қызылорда қаласының № 2 сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, сол жерде бұрын таныс емес жәбірленуші М.-нің қасына келіп тоқтап, одан «микрорайонда тұрасыңдар ма?»,- деп сұрайды. Ол «ия» деп жауап бергеннен кейін, себепсізден-себепсіз жәбірленуші М.-нің іш жағынан бір рет атқан. Осылайша оның денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтіріп, дене жарақатын салған.
Сотталушы С. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 251 бабының 1-бөлігімен, 257 бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, ҚК-нің 251 бабының 1-бөлігімен 2 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 257 бабының 3-бөлігімен 4 (төрт) жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 58 бабының 3-бөлігінің тәртібімен түпкілікті қатаңдығы жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен, 4 жылға бас бостандығынан айыруға жазаланды. Жазасы түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге белгіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: