Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Сырдарияда жастар форумы өткізілді

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев «Келешек. Мақсат. Жеңіс» атты жастар форумына қатысты.


Дәстүрлі форум жұмысын аудан басшысы құттықтау сөзбен ашып, биылғы пандемия кезінде аудан жастары белсенді болғанын атап өтті. Сондай-ақ жастарға мемлекет тарапынан зор қолдау бар екенін жеткізді.
– Жігерлі жастардың бойында отансүйгіштік, елжандылық, патриоттық сезім басым болғаны абзал. Ел болашағы – жастардың қолында. Қазақ елін өркендетуге  үлес қосып келе жатқан жастардың белсенділігі жоғары. Әрбір жас алдағы күнді жоспарлап, алдына мақсат қойғаны дұрыс. Өзі ойлаған арманды жүзеге асырып, өмірлік ұстанымдарын қалыптастырса игі. Әлемдік деңгейде танылып жүрген жастарымыз баршылық. Ұлтымыз олармен мақтанады. Қай кезде де жалынды жастарды қолдап, жанашырлық танытқан абзал. Нарықтық заманда тыңбай іздену арқылы өзіңді зор табысқа жетелеу міндет. Қазіргі уақытта білімділер көш басында тұрады. Сондықтан әрбір жас кітап оқуды күнделікті дағдыға айналдыру керек. «Кітап – адамның ақылшысы». Сондықтан жастарға айтарым қай кезде де білімнен қол үзбеу қажет. Шын мәнінде, кәсіпкерлік саласының болашағы зор. Ауданда өз кәсібін дөңгелетіп отырған жастарға бар мүмкіндік жасалуы тиіс. Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде тың жобаларға инвестиция тартуымыз керек. Сонымен бірге жастар көтерген мәселелердің шешімін табуға жұмыс жасаймыз. «NEЕT» санатындағы жастарды қоғам өміріне бейімдеу маңызды. Әрине, жастарға байланысты кез келген мәселе өзекті, – деді аудан басшысы.
Жылдағы форумының дәстүріне сәйкес аудан әкімінің «Өрлеу» жастар сыйлығы табыс етілді. Түрлі номинация бойынша өз саласындағы белсенді 10 жас аталған сыйлыққа лайық деп табылып, оларға арнайы дипломмен 100 000 теңгенің сертификаты табысталды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: