Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада балабақшалардың жұмысы қайта жанданды

Қызылорда облысында 13 қаңтардан бастап 668 мектепке дейінгі білім беру ұйымы мен мектеп жанындағы 81 шағын орталықтардың жұмысы қайта жанданды.


Елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында сақтық және қауіпсіздік шаралары қатаң сақталады.
Естеріңізге сала кетейік, облыста төтенше жағдай енгізілуіне байланысты барлық балабақшалар уақытша өз жұмыстарын тоқтатқан болатын.
Айта кетейік, ұстаздар ертеңгі күннен бастап штаттық режимде жұмысқа қосылатын болады. Ал, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен мектептер 17 қаңтардан бастап іске қосылса, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне академиялық күнтізбеге қарай 24 қаңтардан бастап сабақ басталады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: