Қазалыда аудан әкімінің өкімімен 10 наурыз бен 10 мамыр аралығы көктемгі санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандырудың екі айлығы жарияланды.
Айлық барысында ауданды абаттандыру, санитарлық тазалау жұмыстарына көңіл бөлініп, күл-қоқыстарды тазалау жұмыстарын жасау жоспарланып отыр.
Бүгін қала, кент, ауылдық округтерде алғашқы сенбілік өтіп, оған 700-ге жуық адам қатысты. Барлық мекеме, білім беру ұйымдарының қызметкерлері орталық көшелер мен шет аймақтар аумағын қоқыс-қалдықтардан тазартты. Әсіресе, денсаулық сақтау саласының ұжымдары мен ұстаздар қауымы өте белсенділік танытты.
Сондай-ақ, тазалық жұмыстарына арнайы техникалар да жұмылдырылды. Осылайша әрбір мекеме тазалық шарасына жауапкершілікпен қарап, қала тазалығына бей-жай қарамайтындықтарын дәлелдеді.