Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордалық қария туған күнін сайлауға барудан бастады

Қызылорда қаласының тұрғыны өзінің 80 жасқа толған туған күнін сайлау учаскесіне барып дауыс беруден бастады,
Ардагер өзінің таңдауын №200 сайлау учаскесінде жасады. Ол өзінің сөзінде сайлау әрбір мемлекеттің дамуында үлкен мәнге ие екенін атап өтті. Бүгінгі саяси шараның сәтті өтуіне ақ батасын беріп, сәттілік тіледі. 
«Тәуелсіз еліміздің дамуында әрбір сайлаудың маңызы зор. Бүгінге дейінгі сайлауларда да мен осылай белсенділік танытып келемін. Бүгінгі мерейтойлық туған күнімде де сол дағдымнан жаңылған жоқпын. Еліміздің болашағы жарқын болуына тілектеспін», - деді ол.  
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: