Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада карантин талабын бұзушылар азаяр емес

Қызылорда облысындағы мониторингтік топ 11 қарашада облыс бойынша 11 карантин талабын бұзушылық дерегін анықтады.

Оның ішінде 2 дерек қорғаныш құралдарынсыз қызмет көрссеткен жеке тұлғаларға қатысты болса, 9 дерек жеке тұрғын үйде көпшілік шаралар жасаған жеке тұлғаларға қатысты анықталды. Нәтижесінде 11 жеке тұлғаға 458 370 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
   Қазалы ауданында 2 жеке тұлғаға 83 340 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Себебі 2 тұлға да  жеке тұрғын үйде үйлену, қыз ұзату тойларын өткізген.
Қармақшы ауданында «Ерке» мейрамханасында 2 рет той өткендігі мониторингтік топпен анықталды. Нәтижесінде 2 жеке тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, 83 340 теңгеге айыппұл салынды.
Сырдария ауданында 7 карантин талаптарын бұзушылық орын алды. Жұмысшы топпен Шіркейлі ауылында 2 той (үйлену, қыз ұзату), А.Тоқмағанбетов ауылында 1 той (үйлену), Қ. Ахун ауылында 1 той, Тереңөзек кентінде 1 туған күн өтіп жатқандығы анықталды. Сонымен қатар Н. Ілиясов ауылында орналасқан «Масаты» дүкені мен Шіркейлі ауылында орналасқан  «Алишер» дүкенінде сатушылар халыққа бетперде мен қолғапсыз қызмет көрсеткен. Нәтижесінде 7 тұлғаға 291 690 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: