Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары талқыланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары талқыландыАудандық әкімдіктің мәжіліс залында Арал ауданы әкімі Абзал Мұхимовтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі және мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысының отырысы болып өтті.
Комиссия мүшелері, ауыл әкімдері, бөлім басшылары мен сала мамандары қатысқан алқалы жиында күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Зейнолла Әбдіханов, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Тойбазар Ұзақов мекеме төңірегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқырылған шаралар туралы хабарлама жасады. Аталған мәселе бойынша аудан көлемінде жүргізілген жұмыстар есебін аудан әкімі аппаратының басшысы Жұмагүл Әлішева баяндады. Аудан әкімі А.Мұхимов баяндамашылардың есебімен таныса отырып, атқарылған жұмыстардың аз екендігін ескертіп, алдағы уақытта талап күшейту қажеттігін баса айтты. 
Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысының аудан бойынша мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен насихатталуына жүргізілген тексеру қорытындысы туралы хабарлама жасаған аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Жанұзақов аудандық кейбір дербес бөлімдерде мемлекеттік рәміз - әнұран сөзінің авторларының реттілігі сақталмағанын жеткізді. Сонымен бірге, Ақирек, Бекбауыл, Жіңішкеқұм, Қызылжар, Қосаман, Мергенсай, Октябрь, Сексеуіл, Жаңақұрылыс, Аралқұм, Қаратерең елді мекендеріндегі мемлекеттік тудың тозығы жеткендігін, стандартқа сай еместігін мәлімдеді. 
Бұл мәселемен танысқан аудан әкімі аудандық дербес бөлім басшыларына, ауыл әкімдеріне мемлекеттік рәміздерді тез арада ережеге сай орналастырып, кемшіліктерді ретке келтіру қажеттігін қатаң тапсырды. Сондай-ақ , ауылдың тазалығына, билбордтар мен рәміздердің заңдылыққа сәйкес орналасуына бақылау күшейтуді міндеттеп, жиналғандарды мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге және насихаттауда аянбай еңбек етуге шақырды.
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: