ҚЫЗЫЛОРДАДА 5 ЖЫЛДА АПАТТЫҚ ҮЙДЕ ТҰРАТЫН 671 ОТБАСЫҒА ПӘТЕР БЕРІЛДІ
Қызылорда қаласында апаттық үйлерді жою мақсатында нәтижелі жұмыстар атқарылды.
Нәтижесінде сондай жағдайды бастан кешірген азаматтарға 2013 жылы 24 пәтерлі 1 үй, 2015 - 2016 жылдар аралығында 60 пәтерлі 3 тұрғын үй пайдалануға берілді.
2017 жылы Жаппасбай батыр көшесі және Титов қыстағынан 50 пәтерлі 7 көпқабатты тұрғын үйлерді пайдалануға берілді.
Биылғы жылы Жаппасбай батыр көшесінен 40 пәтерлі 2 тұрғын үй, 50 пәтерлі 2 көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға беру арқылы 157 отбасы баспаналы болды.
2013-2018 жылдары аралығында қаладағы апатты жағдайдағы баспана тұрғындары ретінде кезекте тұрған 671 отбасына жаңа пәтерлердің кілтін табысталды.