Қызылордалық боздақтың сүйегі 72 жылдан соң елге жеткізілді
Ұлы Отан соғысына аттанып, 1942 жылы ерлікпен қаза тапқан қызылордалық Нұреддин Тоқманбетовтың сүйегі туған топырағына әкелінді. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» тілшісі хабарлады.
Тарата айтар болсақ, Санкт-Петербургтың ізшілері Ленинград облысы, Тортолова селосының маңынан соғыста қаза тапқан бүтін бір дивизия жауынгерлерінің сүйегін тапқан. Олар Ленинградты фашистік басқыншылардан қорғаған 11-ші атқыштар дивизиясының сарбаздары болып шыққан. Солардың арасында майдан даласынан хабарсыз кеткен Нұреддин Тоқманбетовтің де бар екені анықталды. Жат жерде қыршынынан қиылған боздақтың бауыры Рзахмет Жұмахметов жауынгердің сүйегін туған жерге жеткізді. Айта кетейік, ізшілер бұл майдангерлердің аты-жөндерін мойындарындағы бойтұмардан білген.