Қызылордалық жас қолөнерші Ержігіт Қуатқанұлы шаңырақ бейнелі бесік жасап жергілікті жұртшылықты таңғалдырып отыр.
– Қазір бізге сұраныс өте зор. Сандық пен бесікке тапсырыс берушілер бар. Олардың сенімінен шығуға тырысамын. Жақында жианлмалы, шаңырақ пішіндес бесік жасадым. Ондағы мақсатым – барынша қазақылықты паш ету. Оның бағасы да қымбат емес. Шамамен 20-25 мың теңгені құрайды, – дейді ол.
Ержігіт бұл өнерді әкесінен үйренген. Әкесі де ағаштан түрлі бұйымдар жасайды. Арал өңірінің тумасы Ержігіт қазір Қызылордада тұрады.