Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫДА 50 АЯЗ АТА МЕН АҚШАҚАР ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚАЗАЛЫДА 50 АЯЗ АТА МЕН АҚШАҚАР ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫҚазалы ауданында Жаңа жылдық шырша шамы жағылды. Бұл жайында Сейхун-инфо аудан әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Оған аудан әкімі Нажмадин Шамұратов қатысты. Шырша шамын жағу құрметі Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен жастар арасындағы Азия чемпионатының чемпионы Бақыт Үсеновке, №249 мектеп-лицей оқушысы, Хорватия мемлекетінде өткен «Балотон-АРТ» халықаралық өнер байқауының жүлдегері Мәдина Есқалиға берілді.
Аудан әкімі Нажмадин Шамұратов  қазалылықтарды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Қазалы ауданында орталық алаңдағы мерекелік думанға 1000-ға жуық адам қатысты. Жаңа жылдың басты кейіпкерлері – 50 Аяз ата мен Ақшақар жиналғандарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Ертегі кейіпкерлерінің образындағы жастар мереке көркін қыздыра түсті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: