Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ ДЕМЕУШІЛІК ТАНЫТТЫ

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ ДЕМЕУШІЛІК ТАНЫТТЫБиылғы оқу жылынан бастап 1 сынып оқушыларына арналған "Көркем еңбек" пәні оқу бағдарламасына енгізілуіне орай, облыс орталығындағы №198 орта мектепте жаңадан екі оқу сыныптары жабдықталуда. 
Жаңа сыныптарын ашуға қалалық мәслихат депутаты, "Техосностка-Ремсервис" ЖШС директоры Ли Илларион Гухкенович демеушілік көмек көрсетуде. 
Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарына қажетті құны 1 млн. теңгеге жуық құрылыс материалдары мектепке жеткізіліп, сынып бөлмелерін ақтау, сырлау, едендерін салу жұмыстары қарқынды жүруде. 2016-2017 оқу жылында жаңадан ашылған екі сынып бөлмесі оқушылардың сапалы білім алуына қызмет көрсететін болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: