Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Көлікте жүру ережелерінде қандай өзгерістер бар?

Көлікте жүру ережелерінде қандай өзгерістер бар?Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс арнайы және жедел қызметтер тізбесін бекіту туралы» № 1196 қаулысы қабылданып, 2014 жылғы 27 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» газетіне ресми жарияланды.
Аталмыш қаулы ресми жарияланғаннан кейін 10 күннен соң, яғни 2015 жылдың 7 қаңтарынан бастап күшіне енеді
Қағиданың 10 бөлігінің 2,3-тармақтарына сәйкес, көлік құралдарына елді мекендерде тиісті жол белгілерімен белгіленген, бірақ сағатына 90 километрден аспайтын арнайы жүру режимдерін қоспағанда, сағатына 60 километрден аспайтын, ал тұрғын аймақтар мен аула аумақтарында - сағатына 20 километрден аспайтын жылдамдықпен жүру рұқсат етілген. Ал елді мекендерден тыс жеңіл автомобильдерге автомагистральдарда 3.24 тиісті жол белгісімен белгіленген, бірақ сағатына 140 километрден аспайтын, бөлу жолағы бар жолдарды сағатына 110 километрден аспайтын, қалған жолдарда сағатына 100 километрден аспайтын, сондай-ақ, балалар топтарын ұйымдастырылған түрде тасымалдауды жүзеге асыратын, тіркеме сүйреткен кезде жеңіл автомобильдерге, рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 асатын жүк автомобильдеріне автомагистральдарда сағатына 90 километрден аспайтын, бөлу жолағы бар жолдарда сағатына 80 километрден аспайтын, қалған жолдарда сағатына 70 километрден аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі.
Қағиданың 22 бөлігінің 6-тармағына сәйкес, 12 жасқа дейінгі балаларды арнайы ұстау құрылғысы немесе баланы қауіпсіздік белдігінің көмегімен отырғызып қоюға мүмкіндік беретін, көлік құралының конструкциясында көзделген өзге де құралдар болмаған кезде, ал механикалық көлік құралының алдыңғы орындығында балаларды арнайы ұстау құрылғысы болмаған кезде тасымалдауға тыйым салынады. Балалар топтарын ұйымдастырылған түрде тасымалдау кемінде екі есігі бар, техникалық жай-күйі көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Автомобиль көлігімен жолаушыларды және багажды тасымалдау ережелерінде белгіленген талаптарға жауап беретін автобустармен жүзеге асырылады.
Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдауға арналған автобустар сары түсті жарқылдауық маякпен жабдықталады. Бұл автобустардың алдына және артына «Балалар тасымалы» деген таным белгісі орнатылады.
Балалар топтарын ұйымдастырылған түрде жасы кемінде жиырма бесте, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және кемінде бес жыл еңбек өтілі бар жүргізушілердің тасымалдауына рұқсат етіледі. Автобус шанағында тасымалданатын балалардың саны орындық санынан аспауы тиіс. Қала сыртындағы жолдарда балаларды тасымалдайтын екі және одан да көп автобустар легімен жол полициясының арнайы автомобильдері ілесіп жүруге тиіс.
Қағиданың 19 бөлігінің 7-тармағына сәйкес, тәуліктің жарық уақытында жүріп келе жатқан барлық көлік құралдарында оларды белгілеу мақсатында жақын жарық фаралары немесе күндіз жүру оттары қосылуы тиіс.
Сонымен қатар, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабына сәйкес, көлік құралдарын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғатындығы көзделген.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, мекеме теңгеріміндегі көлік құралдарын басқару кезінде осы Қағиданың талаптарын қатаң сақталуын және көлік жүргізуші қызметкерлердің назарына жеткізуді қамтамасыз ету сұралады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: