Елімізде «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел профилактикалық шарасы басталды, - деп хабарлады Қызылорда ОІІД-нің баспасөз қызметінен.
Мақсат – жасөспірімдер жасайтын, оның ішінде түнгі уақытта орын алатын, жасөспірімдерге қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта себепсіз жүрмеуін қадағалау. Олардың беймезгіл ойын-сауық орындарда болуына жол бермеу, жасөспірімдерді құқықбұзушылық пен қылмыс жасауға тартатын ересек адамдарды анықтау.
Шараға жергілікті атқарушы органдарының, прокуратура, білім беру, денсаулық сақтау органдарының, ата-аналар комитеттері мен үкіметтік емес ұйым өкілдерін қатыстыру жоспарланып отыр.
Оның аясында көңіл көтеретін орындарда, ойын клубтарында, үй-жайлар мен адам көп шоғырланатын қоғамдық орындарда арнайы рейдтер ұйымдастырылады.Профилактикалық шара 20 қыркүйекте қорытындыланады.