Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

"НҰР-МҮБАРАК" УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БІЛІМ АЛУШЫ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ


Бүгін Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Қайруллаев Айдын Бөкенбайұлы, облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Бақытжан Камалов, Қызылорда қалалық "Мүсірәлі ата" мешітінің бас имамы Берік Арынов Алматы қаласына арнайы іссапармен барып, "Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры Жудда Абдулғани Басюнимен кездесіп, өңіріміздегі діни ахуал, кадр даярлау мәселелері бойынша пікір алмасты.
Кездесу барысында басқарма басшысы Айдын Бөкенбайұлы облыс әкімдігі мен "Нұр-Мүбарак" университеті арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын айта отырып, университет ректорына биылғы жылы облыста өтетін шараларға оқытушы-ғалымдарының қатысатынына сенім білдірді.
Сонымен қатар, сапар аясында университеттің қызылордалық студенттерімен кездесу өткізілген болатын. Атап өту керек, бүгінгі күні "Нұр Мүбарак" университетінде 70-тен астам қызылордалық өз білімін жетілдіруде. Аталған университетте білім алған жастар облыс тұрғындарының рухани өрісін қалыптастыру, деструктивті діни ағымдар ықпалынан сақтандыру бағытында еңбек етуде. Осындай ниетпен басқарма басшысы биылғы бітіруші түлектерді Сыр еліне келіп еңбек етуге шақырды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: