Ауылдық жерлердегі инвестициялық жобалар айқындалды
Үстіміздегі жылдың 20-21 қараша күндері Сырдария, Жалағаш, Арал, Қазалы аудандарында «Ауылдық жерлердегі инвестициялық және әлеуетті жобаларды айқындау» тақырыбында көшпелі семинар-кеңес өткізілді. Оны Қызылорда облысы әкімдігі мен Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастырды.
Аталмыш шараға облыстық салалық басқарма басшылары мен қаржы институттары өкілдерінің қатысты.
Семинар-кеңестің мақсаты: «Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында мемлекет тарапынан көрсетіліп жатырған бағдарламаларға, қаржы-несиелік қолдауларға қол жетімділікті арттыру, ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттары туралы ақпарат беру және кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, ұсынылған жобалары бойынша талдау жасау.
Семинар-кеңестен кейін жобаларды қаржыландыру сұрақтары жөнінде қаржы институттарының сарапшы-мамандары кәсіпкерлердің, қызығушылық танытқан азаматтардың сұрақтарына толық жауап беріп, арнайы кеңестерін берді.