Арал ауданының кәсіпкерлерінің ұйытқы болуымен, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандарының қол көмекке белсенділігімен Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жәрдем көлігі жөнелтілді.
Гуманитарлық көмек ретінде 2 күн ішінде аралдықтар бұзылмайтын азық-түлік өнімдерін, ауыз су, жаңа төсек жабындылары мен бірінші кезекте тұтынатын тұрмыстық бұйымдар жинаған.
Игі шараға аудан әкімінің орынбасары Рүстем Өтешов қатысып: «Бұл Қарағандының қайғысы емес, бүкіл елдің қайғысы. Атадан қалған дәстүр бойынша ағайын басына күн туғанда, ел болып көмектесу – біздің басты парызымыз. Қарағанды халқына амандық, дендеріне саулық тілейміз», - деді.
Аралдан 1 тн ұн, 1 тн ас тұзы, 400 кг макарон өнімдері, 200 кг күріш, 60 л өсімдік майы, 12 л сүт, 20кг қант, 14 қорап материалдық көмек заттарын тиеген жүк көлігі Қарағандыға жолға шықты.