Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

"Байқоңыр" ӘКК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары тағайындалды

"Байқоңыр" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары лауазымына Мүслімов Ерлік Ерғалиұлы тағайындалды.
Ерлік Ерғалиұлы 1989 жылы туған, өткен жылы республика бойынша Президенттік жастар кадрлық резервіне енген 300 тұлғаның бірі. Қазақ-Британ техникалық университеті, сондай-ақ "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританиядағы Уорвик университетін бітірген. 2014 жылдан бастап осы кезге дейін "Шлюмберже-Лоджелко" компаниясының аға инженері лауазымында қызмет атқарып келген.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: