Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚУАҢДАРИЯ АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛАДЫ

ҚУАҢДАРИЯ АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛАДЫ Бүгін Қармақшы ауданы әкімі С.Мақашев пен Қуаңдария ауылдық округінің әкімі А.Дәндесов ауыл тұрғындары алдында есеп берді. 
Қуаңдария ауылында қазір мал басы көбейіп, тұрғындар түрлі кәсіп көздерін игеруде. Ауылдағы орта мектептің жағдайына алаңдаулы жұрт үшін өткен жылы апаттық жағдайдағы №186 орта мектеп орнына 140 орындық жаңа білім ошағын салудың басталғаны үлкен қуаныш болды. Ғимарат биыл пайдалануға беріліп, ауыл балалары жаңа мектепте оқитын болады. 
Сонымен қатар, ауылда мал басын көбейту, бақша өнімдерін егу және кәсіпкерлік саласын дамыту бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Есепті кездесуде ауыл тұрғындары атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: