Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Диқандар егінге аз су жұмсауды үйренуде

Диқандар егінге аз су жұмсауды үйренудеЖалағаш ауданында тамшылатып суару әдісімен картоп дақылын егу қолға алынды. 
Облыста бірінші рет ауданның «Таң ЛТД» ЖШС-інде тамшылатып суару әдісімен картоптың ерте пісетін «Беллароза» сортының элита тұқымы 10 гектар жерге егіліп, межелі өнім алынды. Осындай әдіспен Жаңадария ауыл округінен 300 га жерге картоп, 100 га қауын-қарбыз егіледі деп жоспарланып отыр. Жалпы ауданда болашақта тамшылатып суару әдісімен көк өніс-бақша шаруашылығын жүргізуге басымдық берілетін болады. Осы әдісті кеңінен қолдану үшін қазір Израиль мемлекетімен іскерлік байланыстар жасалуда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: