Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛДА МҮГЕДЕКТЕРГЕ «КЕДЕРГІСІЗ ОРТА» ҚҰРЫЛАДЫ

АРАЛДА МҮГЕДЕКТЕРГЕ «КЕДЕРГІСІЗ ОРТА» ҚҰРЫЛАДЫҚазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңінің бекіту туралы қаулысы бекітілді.
Осыған орай, мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Р.Өтешовтың төрағалығымен мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру шаралары туралы кеңесінің кезекті отырысын өткізілді.
Кеңестің күн тәртібінде Арал ауданында «Кедергісіз орта» құруға әлеуметтік нысандардың мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімділігін қалыптастыру туралы мәселе қаралады. 
Бүгінгі күнге ауданымызда 2507 мүгедек жан бар. Бұл адамдардың өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында Үкімет тарапынан тиісті көмектері жасалуда
Бұл мәселе бойынша Арал қаласы әкімінің орынбасары Пазылбек Іскендірұлы, аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Амантүгел Кенжеғұлұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Бөрі Дабылов және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Тәңірберген Сейтжанұлы, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Нұрлан Әбілдаұлы жекелей хабарлама жасады.
Кеңес отырысында жиынға қатысушылар аудан көлемінде аталған мәселеге байланысты бірқатар жұмыстардың атқарылуын талқылап, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, жауапты қызметкерлерге хаттамалық тапсырмалар беріліп, міндеттер жүктелді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: