Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда облысында полицейлер жолда қалған 100-ден астам автокөлікке көмек көрсетті

Қызылорда облысында патрульдік полицейлер үш күн ішінде  ауа райы қолайсыздығынан жол бойында қалған 100-ден астам автокөлікке көмек көрсетті. Олардың қатарында Ресейден Шымкент қаласына бет алған автоус ішінде қалып қойған өзбекстандық 62 азамат бар.


Қызылорда облысы аумағында ауа райы қолайсыз күйде тұр. Осыған байланысты және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция қызметкерлері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс жасауда. Нәтижесінде оқыс оқиғалардың алдын алу бағытында нәтижелі жұмыстар жасалды. 
«Халықаралық «Самара-Шымкент» тас жолының Қызылорда облысы Қазалы ауданының тұсындағы 1476-790 шақырымында Ресейдің Пермь қаласынан Шымкентке  бағыт алған «Van Hool» маркалы автобусының жанар-жағармайы қатып, үскірік аязда жол бойында қалған.  
Полиция қызметкерлері автобустағы Өзбекстан 62 азаматына  жедел көмек көрсетіп, автокөлік қайта жолға шығарылды.
 Патрульдік полицейлер үш күн ішінде жол бойында қалған 100-ден астам автокөлікке көмек көрсетті.
 Ауа-райының тұрақсыздығына байланысты жол қозғалысы қатысушыларына өте мұқият болуын және шұғыл қызметтердің ескерту хабарламасына назар аударуын сұраймыз», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен. 
Полиция қызметкерлері көктайғақ кезінде жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтап, күрделі маневр жасамай, көлік құралдары арасындағы қашықтықты сақтау қажет кендігін ескертеді.  
«Көктайғақ күндері қауіп жаяу жүргіншілерге де, жүргізушілерге де төнеді. Сол себепті жолда абай болып, қарапайым  қауіпсіздік ережелерін сақтаған жөн», - дейді мамандар.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: