Қызылорда қаласындағы жолаушылар тасымалдайтын көлік иелері арнайы киімдер киетін болады. Осы мақсатта жасалған рейд барысында қала әкімінің орынбасары Қосым Аңсатбаев аталмыш талаптың орындалуы қатаң қадағаланатынын жеткізді.
Бұдан бұрын күз айларында болған рейд барысында арнайы киім жайында айтылды. Тіпті, кейбір көлік қызметкерлеріне таратылып та берілген. Жүргізушілер мұндай ескерпені естіген жоқпыз деп ақталды. Бірақ, келісім-шартта бұл анық жазылған. Рейд кезінде №18 бағыттағы көліктер ғана талапқа сай болып шықты. Орындықтары түгел. Дəрі-дəрмек қобдишасы бар, техникалық жаңартудан өткен. Қыста халыққа қызмет көрсетуге жарамды. Қызметкерлері арнайы киім үлгісін киген.