Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

СЕКСЕУІЛДЕ СЕРПІНДІ ІСТЕР БАРШЫЛЫҚ

СЕКСЕУІЛДЕ СЕРПІНДІ ІСТЕР БАРШЫЛЫҚБүгін аудан əкімі М.Оразбаев тоғыз жолдың торабында орналасқан, ауданға қарасты Сексеуіл кентінің халқымен кездесіп, 2016 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде есепті баяндамасын жасады. 
Өткен жылды қорытындылап, алдағы мақсат - міндеттерді таныстыру мақсатындағы бас қосуда аудан басшысы əр салаға тоқталып, жеткен жетістіктерді атап өтті. 
Есепті кездесуде баяндама жасаған кент əкімінің уақытша міндетін атқарушы М.Рсалиеваның мəлімдемесіне сүйенсек өткен жылға өкпе жоқ. Кенттегі кəсіпкерлер арқылы 2016 жылы 2 нысан пайдалануға беріліп, онда 11 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар, кентте екі бірдей балабақша ашылған. Онда жалпы 48 адам жұмысқа орналасқан.
Сондай-ақ, Сексеуіл кентінде бірқатар абаттандыру жұмыстары жүзеге асып, жергілікті тұрғындар ризашылықтарын білдіруде. Дегенмен, алдағы уақытта шешімін қажет ететін мəселелер де жоқ емес. Осы ретте, жиында зейнеткер А.Сагиев кенттің арғы бетіне мектеп салынса, кенттің көшелерін асфальттау жалғасса деген ұсынысын білдірді. 
Есепті кездесуге арнайы қатысқан сала басшылары əр сұраққа тиісінше жауап беріп, аудан əкімі ұсыныс-пікірлер ескерілетінін жеткізді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: