Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Атыраулық теміржолшылар ғаламторды "жарды" (видео)

Атыраулық теміржолшылар ғаламторды "жарды" (видео)"Қазақстан темір жолы" компаниясының Атыраудағы филиалында жұмыс істейтін мына жігіттер жақында ғаламтордың жұлдыздарына айналып, халықтың қошеметіне бөленуі әбден мүмкін.
Тіпті, қазірдің өзінде-ақ кеше ғана жүктелген осы клипті әлеуметтік желінің пайдаланушылары таласа таратып, креативті теміржолшыларды мақтап жатыр, деп жазады BNews.kz тілшісі.
Жігіттер атақты "One Direction" тобының "What Makes You BeautifuL" әніне өздерінше клип түсіріп шыққан.
Көріп отырғандарыңыздай, олар бейнебаянның соңына "ҚТЖ-да көңілсіз адам жұмыс істей алмайды" деген ұран қалдырған.
Осылайша, қарапайым теміржолшылар еліміздегі ірі компанияға нағыз жарнама жасады десек болады. Клипті поезд диспетчері Бекжан Жиенбетов, инфрақұрылым жөніндегі директор көмекшісі Абзал Ғаббасов, машинстің көмекшісі Артур Әбдіров, оператор Азамат Бекқожиев, кадр бөлімінің басшысы Қартан Бауыржан, Нұрпейісова атындағы разъездің кезекшісі Азамат Аймағамбетов, инженер Дмитрий Журило басты рөлдерді сомдаған.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: