Облыс орталығы тұрғындары жылдан-жылға өсіп келеді. Үстіміздегі жылдың 1 тамызына алдын ала деректерге сәйкес Қызылорда тұрғындары 299,7 мың адамды құрады. Өсу қарқыны 102,6 пайызды шамалайды. Тұрғындар арасында экономикалық белсенді халық саны 123,4 мың адам жетті.
Қазіргі таңда Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші жоғары қарқынмен дамып келеді. Үстіміздегі жылдың басында қала бюджеті 42 млрд. теңге көлемінде бекітілген еді. Бұл бағытта атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде ол бүгінгі күнге 51 млрд. теңгені құрап отыр.
Биылғы 8 айда өнеркәсіп кәсіпорындарымен 514 млрд. теңгенің өнімдері өндірілді. Ал өңдеу өнеркәсіп саласындағы оның деңгейі 24 млрд. теңгеге жетті. Қала бюджетінің кірістер көлемі де артып келдеі. Мәселен, қала бюджетінің 2018 жылдың 8 айына кірістер болжамы 32 млрд. теңгеге жоспарланса, нақты түсім 33 млрд. теңгені құрады. Осылайша ол 103 пайызға орындалды. Атап өтерлігі, соңғы 5 жылда қала бюджетінің өз кірістері 2 есеге ұлғайды. Биыл ол 16,8 млрд. теңгені шамалайды.