Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Тоқаев Цойға Ранолдудан көмек сұраған баланың емімен айналысуды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға Дюшшен дистрофиясымен ауыратын баланың емімен айналысуды тапсырды, деп хабарлайды zakon.kz.
- Мен Әселмен (баланың анасы) телефон арқылы сөйлестім, одан әрі емдеудің ықтимал жолдарын талқыладық. Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы бүгін олармен кездесіп, Аңсардың еміне көмектесетін болады, - деп жазды Алексей Цой Facebook парақшасында.
Бұған дейін қазақстандық ана мен бала футболшы Криштиану Роналдудан көмек сұраған.
Балаға 2016 жылы Дюшеннің бұлшықет дистрофиясы диагнозы қойылған. Бұл дерт баланың бұлшық еттерін ақырындап құртып жатыр. Содан бері анасы баласының өмірі үшін күресіп келеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: