Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Қызылорда облысының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Өтегенованың БАҚ өкілдеріне баспасөз-конференциясы өтті.
Басқосуда сала басшысы Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттер мен салада атқарылған жұмыстар барысын баяндады.
2017 жылдың басынан бастап реттелетін коммуналдық қызметтердің тарифтері, сумен жабдықтау қызметінің тарифтерін қоспағанда, 2016 жылдағы тарифтердің деңгейінде қалды.
Г. Өтегенова, Қызылорда облысының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы:
- Тарифтерді бекіту бойынша өтінімдерді қарау нәтижесінде ұсынылған тарифтер деңгейі төмендетіліп, жалпы 2676,5 млн.теңге үнемделді. Департамент ҚР Кәсіпкерлік Кодексін басшылыққа алып, 2016 жыл бойынша электр энергияны бөлшек саудада сату бағасына сараптама жүргізіп, нәтижесінде 2017 жылғы 1 тамыздан бастап облыстағы электр энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың орташа босату бағалары 8,2 пайызға дейін төмендетілді.