Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Үш күні бойы іздеуде болған: Алматыдан табылған қызылордалық жасөспірім анасына табысталды

Наурыз айының 25 жұлдызынан бастап іздеуде болған жасөспірім қыз 28 наурыз күні басқарманың жедел уәкілдерінің жедел түрде іздестіру жұмыстарының  Алматы қаласынан табылды. 
Ол Қызылорда қалалық Полиция басқармасы қызметкерлерімен Қызылорда қаласына аман-есен жеткізіліп, ата-анасына табысталды. Полиция қызметкерлері жасөспіріммен және оның ата-анасымен профилактикалық бағытта түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 
Өз кезегінде қызының дін аман табылғанына қуанып, анасы полицейлерге алғысын білдірді.
Қызылорда қаласының полицейлері барлық ата-аналарға балаларына үйден үлкендердің рұқсатынсыз шықпау керектігін, оларды бақылауда ұстау керектігін ескертеді. Сонымен қатар жасөспірімдердің өтпелі кезеңінде дос ретінде сөйлесуге кеңес береді.

 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: