Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қармақшы ауданында емхана ашылды

Қармақшы ауданында емхана ашылдыТәуелсіздік күніне орай Қармақшы ауданында 250 келушіге арналған емхана ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Қ.Көшербаев қатысты.
Өткен жылы құрылысы басталған емхана уақтылы әрі сапалы түрде аяқталды. Заман талабына сай жабдықталған аудандық емхана тұрғындардың денсаулығын жақсартатын болады. 
– Басты байлық саналатын денсаулықты нығайтудағы жұмыстар жалғасуда. Дәрігерлер үшін жұмыс жасауға емханада барлық жағдай жасалған. Ақхалаттылардың міндеті әрбір тұрғынға жылы қабақ танытып, сапалы қызмет көрсетулеріңіз керек. Қуаныштарыңыз құтты болсын, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Жалпы, емханада медициналық технологияның барлығы соңғы үлгіде. Енді тұрғындар толық тексеруден өту үшін облыс орталығына қатынамайды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: