Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ БАЛАЛАР ДЕМАЛЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА АТСАЛЫСТЫ

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ БАЛАЛАР ДЕМАЛЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА АТСАЛЫСТЫАғымдағы жылдың маусым айында өткен қалалық мәслихаттың кезекті ІҮ сессиясында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесі қаралды. 
Аталмыш сессияда қалалық мәслихат депутаттары облыс орталығындағы мәдени сауықтыру кешендеріне балалардың жеңілдікпен баруына мүмкіндік жасау жөнінде ұсыныс айтқан болатын. 
Осыған орай, қаладағы «Ақмешіт», «Евразия», «Мұз айдыны» кешендерінде қала мектептерінің жетім және тұрмысы төмен отбасылардың 100-ден аса балалары жазғы демалыс уақытында тегін шомылып, мұзда мәнерлеп сырғанауға жаттығуда. 
Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты балалардың суда қауіпсіз шомылып, денсаулықтарын нығайтуына және демалыс уақыттарын тиімді өткізуге жағдай жасау, спорт кешендеріне қолжетімділікті арттыру болып табылады. 
Патронат ана Айша Желдербаева қызының «Ақмешіт» сауықтыру кешенінде тегін шомылып жүргеніне жағдай жасаған қалалық мәслихат депутаттарына өз ризашылығын білдірді. 
№257 мектептің 5 сынып оқушысы Зейнел Айнагүл спорт кешенінен келгелі бері суға жүзуді үйренгенін, жазғы демалысының жақсы өтіп жатқанын қуанышпен жеткізуде. 
Сонымен қатар, «Мұз айдыны» кешеніне келген балаларға арнайы жаттықтырушы белгіленіп, оларға мәнерлеп сырғанаудың әдіс-тәсілдері үйретілуде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: