Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Мемлекеттік бағдарлама арқылы кәсібін кеңейтіп келеді

Қызылорда қаласындағы «Жетіген Саз аспаптары» ЖШС түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсібін кеңейтіп келеді. 
Серіктестік директоры Біржан Ділманов 2019 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы 6 пайызбен 14 млн теңге несие алған.
Кәсіпкердің айтуынша, ол алғашқыда Алматы қаласындағы ұлттық аспаптар шығару шеберханаларында жұмыс жасаған. Біраз уақыттан кейін Қызылорда облысына оралып, Шиелі ауданындағы әкесінің шеберханасында өз ісін жалғастырған.
«Бұл кәсіпті ең алғаш әкемнің ағасы бастаған. Сонан соң бауырлары бірінен соң бірі кәсіпті дөңгелетіп әкетті. Мен де әке жолын қуып, қазақтың ұлттық аспаптарын шығаруды қолға алдым. Шиелі ауданында өткен көрмеде облыстың бұрынғы әкімі Қырымбек Көшербаев «мұндай кәсіптің облыс орталығында орналасқаны жөн» деген соң, кәсібіміздің көкжиегін кеңейту мақсатында қалаға көшіп келдік. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу арқылы түрлі мекемелерден тапсырыс қабылдаймыз. Сонымен қатар өзге өңірлерден де сұраныс түседі. Домбыраның ең арзаны 45 мың теңгеден басталып, ең қымбаты 450 мың теңгеге дейін барады», – дейді кәсіпкер.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: