Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада «Самара-Шымкент» тас жолының бір бөлігі жабылды

Қызылорда облысында ауа райының қолайсыздығынан «Самара-Шымкент» тас жолының бірқатар бөлігінде көлік қозғалысы жабылды.


Елорда уақытымен 19.15- тен бастап «Самара-Шымкент» тас жолының 1240-1357 шақырымында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды. Ол Ақтөбе облысының шекарасынан Арал ауданының орталығына дейінгі аралықты қамтиды. 
«Облыста ауа райы жағдайының нашарлауы көрініс беруде. Қар аралас жаңбыр, көктайғақ, қатты жел байқалып отыр», - деп жазылған облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: