Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда қаласында «Жомарт жүрек» байқауының  жеңімпаздары марапатталды

Қызылорда қаласында «Жомарт жүрек» байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды.  
Аталған шара барысында қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосқан бірқатар азаматтарға лайықты құрмет көрсетілді.  Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мұқтаж жандарға көмек қолын созған дархан пейіл, кең жүректі азаматтарға жергілікті тұрғындар атынан ризашылығын жеткізді.  
«Жомарт жүрек» сыйлығы бес номинация бойынша табысталды. Байқаудың «Туған өлке» аталымы бойынша «Сәт-Сервис» ЖШС директоры Роза Имановаға марапат жасалды. Кәсіпкер облыс орталығының көркеюіне үлкен үлес қосып келеді. Қызылорда қаласындағы көпқабатты 10 тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізді. Кәсіпкер қайырымдылық шараларына белсене қатысып жүр.
Ал байқау бойынша «Жыл тұлғасы» номинациясы бойынша марапат белгілі кәсіпкер Қанат Боранбаевқа табыс етілді. Ол карантин уақытында қайырлы ісін жалғастырды. Қалалық аурухана қызметкерлерін өзінің басқаруындағы «Қызылорда» қонақ үйіне тегін орналастырып, қажетті тұрмыстық заттармен қамтамасыз етті.
Сондай-ақ,«Жыл меценаты» аталымы бойынша індет уақытында тұрғындарға 15 мыңға жуық тегін бетперде таратқан «Dalatex» ЖШС директоры Ділмұхамед Абизов жеңімпаз деп танылса, «Жылдың үздік ұйымы» номинация бойынша «Ел-Арай» қоғамдық қоры лайықты деп бағаланды. Қоғамдық қор жыл сайын 1000 отбасын азық-түлікпен, 2000 отбасын киім-кешекпен, 100 отбасын көмірмен қамтамасыз етіп келеді. Қоғамдық қор «Делюкс» компаниясымен бірігіп, 10 мың дана маска, «Шұғыла» қоғамдық қорымен бірлесіп аймағымыздағы ауруханаларға 200  оттегі концентраторын алып берген. 
Байқаудың «Ерен еріктілік» номинациясы бойынша қоғам белсендісі Динара Эшатоваға марапатталды. Ол спорт саласындағы волонтер-үйлестіруші болды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: