Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

СЫР ӨҢІРІНДЕ 368,6 МЫҢ ТОННА ДӘНДІ ДАҚЫЛ ЖИНАЛДЫ

СЫР ӨҢІРІНДЕ 368,6  МЫҢ ТОННА ДӘНДІ ДАҚЫЛ ЖИНАЛДЫБылтыр Қызылорда облысы бойынша 368,6  мың тонна дәнді дақыл жиналды. Бұл жөнінде облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 
Оның 98,7 пайызы – күріш. Ашық топырақта өсірілген 72,8 мың тонна көкөніс, 116,9 мың тонна бақша дақылдары және 56,9 мың тонна картоп жиналды,
Дәнді дақылдардың негізгі бөлігі Сырдария (26,5%), Жалағаш (25,9%)  аудандарында өсірілген. Ашық топырақта өсірілген көкөністер ең көп бөлігі Шиелі ауданында (29,3%) және Жалағаш ауданында (18,2%), бақша дақылдары – Шиелі ауданында (34,0%) және Жаңақорған ауданында (21,7%), картоп – Шиелі ауданында (23,8%) және Жалағаш ауданында (17,8% облыс көлемінен) жиналды.
Дәнді дақылдардың жартысынан көбін шаруа немесе фермер қожалықтары (51,3%) өсіріп, жинады. Ашық топырақта өсірілген көкөністер, бақша дақылдары және картоп жұртшылық шаруашылықтарында жиналды (сәйкесінше 92,1%, 80,7% и 93,8% жалпы түсімнің барлық көлемінен).
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: