Арал ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Абзал Мұхимовтың төрағалығымен жиын болды. Жиынға қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібінде: Жергілікті өзін –өзі басқарудың бірқатар мәселелері, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын тұрақтандыру бағытында атқарылып жатқан шаралар, коммуналдық қызметтерге төленетін міндетті төлемдердің уақытылы өтелуі, Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің 2015жылдың 10 айында атқарған жұмыстары туралы мәселелер қаралды.
Бүгінгідей қаржылық дағдарыс кезеңінде баға тұрақтылығын сақтау басты назарда. Бұл бағыттағы жұмыстар да өз деңгейінде атқарылуда. Коммуналдық қызметтерге төйленетін міндетті төлемдер караша айының соңына дейін толық аяқталады деп жоспарлануда. Күн тәртібіне қойылған осы және өзге де мәселелерге қатысты тиісті сала басшыларының баяндамасын тыңдаған аудан әкімі Абзал Сансызбайұлы алдағы уақытта да қарқынды жұмыс жасау керектігін басты талап етіп беріп, қатаң тапсырмалар жүктеді.