Жаңақорғанда кәсіпкерлер 37 жобаға 569,1 миллион теңге қаржы алды
2021 жылдың 1 мамырына тіркелген кәсіпкерлік субъектісі – 5459, оның 280-ы заңды тұлға, 2648-і шаруа қожалық, 2531-і жеке кәсіпкер.
– Ондағы белсенді субъекті саны – 5181. Кәсіпкерлік субъектілерінде 7741 адам жұмыспен қамтылды.
2021 жылдың төрт айында негізгі капиталға салынған инвестиция – 6,4 миллиард теңге. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 177 пайыз өсімді құрайды. Жыл басынан бері ауданға қаржы көздерінен 242 жобаға 590 миллион теңге тартылды, – деді Жаңақорған аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Қаржыбек Бүркітбаев.
Жыл басынан барлық қаржы көзінен 237 жобаға 569,1 миллион теңге қаржы тартылды. Аудан бойынша тек «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламаларына сәйкес «Аграрлық несие корпорациясы» мен «Өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы жалпы құны 928 миллион теңгенің 287 жобасы ұсынылған екен. Сол жобалардан бүгінгі күнге дейін 6-ы несие, 173-і грант жеңіп алған.