Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Інісін өлтіргені үшін сегіз жылға сотталды

Інісін өлтіргені үшін сегіз жылға сотталдыЖуырда Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өзінің туған інісін өлтірген сотталушыға қатысты айыптау үкімі жарияланды. Бұл жөнінде аталмыш соттың баспасөз қызметі мәлім етті.
Ағайындылар арақ ішіп отырып сөзге келіп қалған. Содан кейін үлкен ағасы асхана бөлмесінен алған пышағымен далаға шығып бара жатқан інісінің артынан бір рет ұрған. Жарақат алған інісі сыртқа жүгіріп қашқан кезде, ағасы артынан қуып барып, тағы арқа тұсынан пышақ салған. Сол жерде жүрегіне тиген пышақтың жүзінен інісі қайтыс болды.
Басты сот талқылауында сотталушы кінәсін толық мойындады, кешірім сұрап, інісі пышақты үйден бірінші өзі алып шықты деп ақталды. Сот үкімімен ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясын өтеу белгіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: