Шиелі ауданындағы 22 жастағы кәсіпкер Мұзафар Қалтаев былтырғы жылдан бастап, «Шиелі шебер» жарнама агенттігін ашып, екі адамды жұмыспен қамтып отыр.
Бұл жарнама агенттігінде сыртқы, ішкі жарнаманың барлық түрлері плакат пен керме, көлемді әріптер, макеттер, көрнекіліктер барлық түрлері дайындалады. Сонымен қатар, компьютер, ноутбук, принтерлер жөнделеді. Компьютерге антивирус, бағдарламаларын баптауларын орнатады. Үй, кеңсе, дүкен, қоймаларға видео бақылау орнатып беру қызметтерін көрсетеді. «Өмір үйретеді, еңбек ширатады» дегендей жас кәсіпкер қайырымдылық жұмыстарына да атсалысып келеді.