Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов басқа қызметке ауысты

Бүгін актив отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өңірдің дамуына ерекше үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды жаңа қызметке ауысуына байланысты Сыр халқының атынан алғысын жеткізіп құрметін білдірді. 


Бұған дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген Бахыт Жаханов ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру бөлімінің мемлекеттік инспекторы лауазымына тағайындалды. Аймақ басшысы орынбасарының өңір экономикасын дамытудағы қажырлы еңбегін атап, алдағы қызметіне сәттілік тілеп Құрмет грамотасын табыстады.
«Бахыт Дүйсенұлы өзі жетекшілік еткен уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі, инвестиция тарту, тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі артып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты дамыды,-деді Н.Нәлібаев. 
Сондай-ақ, өзге қызметке ауысқан аппарат басшысы Ерлан Райғаниевтің, «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Нұрланбаевтың, облыстық энергетика басқармасының басшысы Ерлан Жаңабаев пен іс басқармасының басшысы Алмас Идрисовтың атқарған еңбектерін жоғары бағалап, іскерліктері үшін алғысын жеткізді. Азаматтарға «Құрмет» грамоталары табысталды. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: