Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарлама аясында жеңілдетілген несие беріледі

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов пен «Қазпошта» АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры Ғалымжан Кенжебаев ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.


Меморандумның нәтижесінде кәсіпкерлерге жағдай жасау көзделіп отыр. 
Қазір «Бизнеске арналған үкімет» ғимаратында Кәсіпкерлер палатасымен бірге кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарлама аясында жеңілдетілген несие беретін үш қаржы ұйымы орналасқан. Олар «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Қызылорда облыстық филиалы, «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС, Atameken Qyzylorda микоқаржы ұйымы. 
Алайда ғимаратта банк бөлімшелері жоқ. Аталған қаржы ұйымдары арқылы несие алу барысында жүргізілетін қаржы операцияларында кәсіпкерлердің уақытын үнемдеу мақсатында «Бизнеске арналған үкімет» ғимаратында ақпаннан бастап «Қазпоштаның» өкілдері отырады. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: