Білім беру ісінде өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан білім ошағы ретінде №187 қазақ орта мектебін айтуға болады. Іргетасы тәуелсіздік алған алғашқы жылы қаланған мектептің бүгінде ширек ғасырдан астам тарихы бар. Білім ордасына 1997 жылы қала әкімінің шешімімен Алаш қайраткері Мұстафа Шоқай есімі берілген.
«Жалпы білім беру ұйымының кейбір мәселесі туралы» 2019 жылғы 12 маусымдағы №13513 қаулысымен білім ордасы «Қызылорда қаласы білім бөлімінің Мұстафа Шоқай атындағы №187 ақпараттық технология мектеп-лицей» (IT- мектеп-лицей) коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертіледі. Мектеп ашылғалы білім ордасын басқарған әрбір басшының үлкен ұжымның алдына мақсат қойып, оны жоспарлы түрде іске асырылуына, маман мәселесінің тұрақталуына, педагогтардың қазіргі жаңа талапқа сай потенциалының көтерілуіне жағдай жасап, педагогикалық ұжымды үнемі жаңашылдықпен жұмыс жасауға бағыттауда қосқан үлесі зор.
Тәуелсіз мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі мақсаттардың бірі –дүниежүзілік білім кеңістігіне ену. Осы бағытта – әрбір білім ордасына, мұғалімдер қауымына жүктелген міндет, үлкен талап – білім беру ісінің мазмұнын жаңа бағытқа бұрып, құрылымдық жүйесін жаңарту, өзгерістер енгізу – білім реформасын жүзеге асыру болмақ. Осы орайда 2019 жылдың наурыз айынан бастап мектебімізді басқарып келе жатқан Баймбетов Ұлықпан Мылтықбайұлының бастамасымен М.Шоқай атындағы №187 ІТ мектеп-лицей ұжымы келелі істерді еңсеріп, алдына үлкен міндеттер қоюда. Бүгінгі таңда ІТ мектеп-лицейде 41 сынып болса, онда 1045 оқушы білім алуда. Мектеп 30 жылдық өсу, даму жолынан өтіп келеді. Қай жұмыс орнында да істің тетігін мамандар шешеді. Ендеше, білім сапасын көтеру ісі, жоғарыда аталған міндеттерді жүзеге асыру ұстаздар қауымына байланысты. Білім ордасының педагогикалық ұжымының сапалықжәне сандық құрамы қажетті педагогикалық потенциалмен толық қамтылған. Мектеп-лицейде 112 мұғалім еңбек етеді. Оның 44 процент педагог-зерттеуші, 19 процент -педагог-сарапшы, 21 процент – педагог-модератор, 22 процент – педагог санатындағы жас мамандар. Қазіргі таңда мектебімізде 17 педагогика ғылымының магистрлері және 2 PHd ғалым жұмыс атқарады. Бұл барлық педагог қызметкерлердің 15 процентін құрап отыр. Оқу тілі – қазақ тілі. Бағыты –жаратылыстану-математикалық. Мектептің жалпы қуаттылығы 1266 орынға есептелген, 3 қабатты, жалпы ғимарат типтік жобада. Мектепте материалдық-техникалық базамен жабдықталған 34 оқу кабинеті бар. Оның ішінде соңғы үлгідегі химия, физика, биология және STEAM кабинеттерімен жабдықталса, спорт зал, акт зал, асхана, информатика, мультимедиа кабинеттері,7 стем-смарт панельталапқа сай жұмыс жасауда. Мектеп ақпараттық технология (ІТ) мектеп-лицейі болғандықтан осы бағытта материалдық жабдықталуына баса назар аударылған. Мектептің төменгі қабатында электронды жүгіртпелі жол тақтасы мектептің барлық жаңалығы туралы мәлімет беріп отырады. Оқу кабинеттерінің барлығы 20 Мбит/с құрайтын кең жолақты интернет желісіне Wi-Fi нүктелері арқылы қосылған. Білім сапасы – мектепте білім алып отырған шәкірттің немесе мектеп бітірушінің білім алу арқылы әзірлігінің сапасы мен білім беру қызметінің сапасын қамтитын түсінік. Оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі және сапалы білім беру нәтижесінде 2021-2022 оқу жылында білім сапасы 65,2 процентті көрсетті. 2021 – 2022 оқу жылынан бастап тәрбие саласы бойынша бірқатар негізгі жобалар іске асырылып бастаған. Мәселен, еліміздің мүддесін ойлайтын, экономикалық бәсекелестікке қабілетті, білім мен өнерге құштар, елінің тарихын білетін, тілін, дінін, әдет ғұрып, салт – санасын қастерлейтін, еңбекқор да, салауатты, адами құндылықтар бойына қалыптасқан, әділетті, қайсар тұлғаны өзін-өзі басқарту арқылы қалыптастыру мақсатындағы жобалардың бірі оқушылардың өзін-өзі басқаруы ұйымы жұмысыжалғасуда, мектеп-лицей жанынан құрылған «Шоқай ұландары» дебат клубыҚорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Ақиқат» саяси пікірсайыс клубымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап келеді. Оқу сауаттылығы – табысты, бәсекеге қабілетті тұлғаны және оның қазіргі қоғамда коммуникативтік құзыретін қалыптастырудағы базалық дағдылардың бірі екендігі барлығымызға мәлім. «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт»жобасын іске асыруда мектеп-лицей кітапханасындағы «Coworking» орталығы оқушылардың жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін, бос уақытын тиімді өткізетін және шығармашылықпен айналысуға қолайлы алаң деуге болады. Мұнда кітап оқуды ұйымдастыру үшін «Буккроссинг» бұрышы құрылған. Кітаптарды электронды форматта, соның ішінде мобильді құрылғылардың көмегімен оқу мүмкіндіктерін кеңейтетін, балаларға әдебиетті таңдауда дұрыс бағдар алуына көмектесетін, кітап оқуға құштар балалар санын арттыратын жаңа электронды ресурстарды пайдалануға болады.
Мектеп-лицейдің даму бағдарламасының басты миссиясы – инновациялык, ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың жеке, шығармашылық және ғылыми қабілеттерін зерделеу, тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау болса,ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді STEM бағдарламаларымен кіріктіре оқыту арқылы нәтижелі білімге қол жеткізуді басты мақсат етіп отыр.
Білім ордасының бәсі білікті мұғалімдердің жетістігімен жоғары болатыны белгілі. Бұл ретте ұжымдағы ұстаздардың жеткен жетістігі жетерлік. Білім саласындағы түрлі байқау жеңімпаздары, үздік ұстаздар мектеп мақтанышы. Өткен оқу жылында мектеп ұстазадры қалалық, облыстық, республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарды қанжығасына байлаған. Атап айтқанда, Ахатай Ақжан математика, физика және информатика пәні мұғалімдеріне арналған ІХ халықаралық шығармашылық байқауында ІІІ орын, Ибраева Айгерім қазақ тілімен әдебиеті пәні бойынша «Үздік цифрлық білім беру ресурсы-2022» облыстық байқауында «Үздік зерттеу» номинациясын, Тоқшылықова Замира бастауыш сыныптар арасында өткізілген «Үздік авторлық бағдарлама-2023» байқауының қалалық кезеңінде ІІ орын, Бакирова Сәулеш бастауыш сыныптар арасында өткізілген «Үздік авторлық бағдарлама-2023» байқауының қалалық кезеңінде алғыс хат, Әділбек Гүлжан «Үздік математика пәні мұғалімі-2023» облыстық байқауының қалалық кезеңінің алғыс хат, Саулебекова Мария орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша облыстық «Үздік қысқа мерзімді жоспар-2023» байқауы ІІІ дәрежелі диплом, Сыдықова Жанна ағылшын тілі пәні бойынша облыстық «Үздік қысқа мерзімді жоспар-2023» байқауында ІІ дәрежелі диплом, Әлімбеков Мұхшаһар Т.Бегелдинов атындағы алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері арасында әскери-қолданбалы спорт түрінен өткізілген облыстық сайыста командалық құрамда ІІ орын, облыстық кезеңде ІІ орын, Алимбетова Зинайда бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған өңірлік «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасының ІІІ орын, Абай Темірлан Қазақстан математика пәні мұғалімдері қауымдастығы ұйымдастырған «Жас математик» мұғалімдерге арналған Қызылорда облыстық І шығармашылық байқауында І дәрежелі диплом, Саулебекова Мария орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша «Үздік қысқа мерзімді жоспар-2023» облыстық байқауының облыстық кезеңінде ІІІ орын иегері атанған.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген сөз бар. Қайсыбір шәкірт болмасын ұстазына қарап бой түзейтіні рас. Мектеп-лицейдің табалдырығын аттаған оқушылар бүгінде мектеп абыройын асырып, ұстаз мерейін көтеріп жүрген жайы бар. Оған дәлел ретінде олардың өткен оқу жылында жеткне жетістіктерін атап өтуге болады. Білім ордасының шәкірттері тек білім бәсекесінде емес спорттық шаралаларда да жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Мәселен, №187 мектеп командасы 6-7 сынып оқушылары (қыздар) арасында «Бес асық» спорт түрінен өткен жарыста І орын, Елеужан Наргиз «Бес асық» спорт түрінен Ұлттық мектеп лигасының қалалық кезеңіңде диплом иегері, №187 мектеп командасы волейболдан «Шұбар доп» Ұлттық мектеп лигасының аймақтық кезеңінде Г тобы бойынша 9-11 сынып оқушылары (ұлдар) арасында өткізілген жарыста ІІІ орын, №187 мектеп командасы «Бес асық» спорт түрінен Ұлттық мектеп лигасының қалалық кезеңінде Г тобы бойынша 7-8 сынып оқушылары арасындағы жарыста І орын, №187 мектеп командасы «Бес асық» спорт түрінен Ұлттық мектеп лигасының қалалық кезеңінде 7-8 сынып оқушылары арасындағы жарыста 1 орын, №187 мектеп командасы «Бес асық» спорт түрінен Ұлттық мектеп лигасының аймақтық кезеңінде Г тобы бойынша 5-6 сынып оқушылары арасындағы жарыста 1 орын, №187 мектеп командасы «Тоғызқұмалақ» спорт түрінен Ұлттық мектеп лигасының аймақтық кезеңінде В тобы бойынша 7-8 сынып оқушылары арасындағы жарыста ІІ орын, №187 мектеп командасы «Тоғызқұмалақ» спорт түрінен Ұлттық мектеп лигасының аймақтық кезеңінде А тобы бойынша 9-11 сынып оқушылары арасындағы жарыста ІІІ орын, №187 мектеп командасы «Шахмат» спорт түрінен Ұлттық мектеп лигасының аймақтық кезеңінде Г тобы бойынша 7-8 сынып оқушылары арасындағы жарыста ІІІ орын, №187 мектеп командасы «Тоғызқұмалақ» спорт түрінен Ұлттық мектеп лигасының аймақтық кезеңінде Г тобы бойынша 5-6 сынып оқушылары арасындағы жарыста 3 орын, №187 мектеп командасы «Баскетболдан алтын доп» Ұлттық мектеп лигасының аймақтық кезеңінде Г тобы бойынша 9-11 сынып оқушылары арасындағы жарыста 3 орын, №187 мектеп командасы «Асық ату» ұлттық спорт түрінен Ұлттық мектеп лигасының аймақтық кезеңінде Г тобы бойынша 9-11 сынып оқушылары арасындағы жарыста ІІІ орын, №187 мектеп командасы «Бес асық» спорты бойынша қалалық спартакиадасында ІІІ орын, №187 мектеп командасы «Үстел теннисі» спорты түрінен Ұлттық мектеп лигасының аймақтық кезеңінде Г тобы 7-8 сынып оқушылары арасында өткізілген жарыста І орын, №187 мектеп командасы «Асық ату» спорт түрінен Ұлттық мектеп лигасының аймақтық кезеңінде Г тобы бойынша 7-8 сынып оқушылары арасында өткізілген жарыста ІІ орын, №187 мектеп командасы қалалық эстафетада І орын, Ерболат Сәкен «1 наурыз – Алғыс айту» күніне орай мектеп оқушылары арасында өткенқол күрес сайысында І орын, №187 мектеп командасы «1 наурыз – Алғыс айту» күніне орай мектеп оқушылары арасында өткен арқан тарту жарысында ІІ орын, Камал Томирис «Бірліктің бастауы, Елдіктің дастаны – Наурыз» мерекелік шара аясында бес асықтан жарыста І орын, Бағдатқызы Аружан «Бірліктің бастауы, Елдіктің дастаны – Наурыз» мерекелік шара аясында бес асықтан жарыста ІІ орын жеңіп алған.
Білім бәсекесінде озық келе жатқан мектеп-лицейдің тарихы мен бүгінге дейінгі жетістігі көңіл қуантарлықтай. Ұстазы білікті, шәкірті білімді ұымның қашанда абыройы биік болары анық. Ең бастысы – оқушының сапалы білім алуы мен дамып өсуіне қолайлы және қауіпсіз жағдай жасаумен қатар «ІТ математика» жобасын қолға алып, жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Жоба барысында мектеп-лицей оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шараларды іске асыру, әрбір педагог қызметкердің жұмыс нәтижесі, білім сапасы (есепке алу, сараптау, талдау, бағалау) туралы электрондық ақпараттық банк құру ,мектеп-лицей оқушыларының білім сапасын бағалау, мониторинг жүргізу және білім беру үдерісін бақылаудың жаңашыл, заманауи электрондық түрлерін енгізу мектеп-лицейдің басты міндеттері. Ұрпағымызды парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, рухани дүниетанымын жалпы адамзаттық деңгейде дамытуда мектеп ұжымының алдында әлі де жетер жетістіктері, алар асулары, бағындырар белестері алда.