Елімізде «Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» жүзеге асырылып келеді.
Қазіргі таңда бағдарлама аясындағы туристендіру картасына облыстан 3 туристік нысан енгізілді. Олардың қатарында «Қамыстыбас» демалыс аймағы, «Жаңақорған» шипажайы, «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағы бар.
Айта кету керек, «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағын құру туристендіру картасының ТОП-10 басым нысандар тізіміне, ал «Қамыстыбас» демалыс аймағы мен «Жаңақорған» шипажайы ТОП-50 нысандар тізіміне енгізілді.
Қазақстанның туристік картасы - аймақтық және Республикалық маңызы бар нысандарды қамтитын карта. Осының негізінде 2-3 жыл ішінде халықаралық дәрежедегі объектілер деңгейіне шығу ойластырылуда. Бұл картаға республика бойынша барлығы 60 нысан енгізілді.