Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖІҢІШКЕҚҰМДА СПОРТ САЛАСЫ ҚАНАТ ЖАЙДЫ

ЖІҢІШКЕҚҰМДА СПОРТ САЛАСЫ ҚАНАТ ЖАЙДЫАрал ауданы әкімі М.Оразбаевтың есепті кездесуі Жіңішкеқұм ауылдық округінде өтті.
Бұл өңір үшін былтырғы жыл жағымды жаңалықтарға толы болды деуге негіз бар. Атап айтқанда, өткен жылы №20 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің Тоқабай бокс бөлімшесі ғимаратына 3 млн 341 мың теңге қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жасалды. Сондай-ақ, Тоқабайға дейінгі 30 шақырым тас жолға аудандық бюджеттен 9 млн қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Білім саласында жеткен жетістіктер де аз емес. Өткен жылы ҰБТ-ға қатысқан 7 түлектің 6-уы жоғары оқу орнының грант иегері атанды. Сонымен қатар, Б.Рахатов, ағайынды Асылхан, Қасымхан Әкиевтер және Әділ Жүсіп бір жыл ішінде республикалық, облыстық, аудандық турнирлердің жеңімпаздары атанып үлгерді. 
Мемлекеттік бағдарламаларға ден қойған ауыл тұрғындары болса мал өсіруді мықтап қолға алуда. Соның ішінде, ауыл тұрғыны Ж.Омарова «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 1 млн 900 мың теңге несие алып, мал басын көбейту мақсатында 8 бас жылқы сатып алса, «Берекет – 1» шаруа қожалығы 20 млн теңге қаржы алып, «Құлан», «Сыбаға» бағдарламалары аясында малдарын асылдандыруда. Бұдан бөлек, «Қуаныш» шаруа қожалығында 2 асыл тұқымды бұқа сатып алынды. Ал, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы негізінде ауыл фельдшері Е.Әлиев баспаналы болды. 
Толымды табыстармен өткен жылды қорытындылаған жіңішкеқұмдықтар есепті кездесуде оң бағаларын беріп, аудан басшысына ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: